1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
А. Мұхамбетов |
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
___________ С. Ещанов
Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысына 1-қосымша |
Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 24.03.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;2) бөлімшенің басшысы, зертхана меңгерушісі;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) тәрбиеші;
6) диеталық мейірбике;
7) тіс дәрігері;
8) тіс технигі;
9) мейірбике (мейіргер);
10) статистик;
11) зертханашы (медициналық);
12) провизор (фармацевт);
13) психолог маманы;
14) рентген зертханашысы;
15) әлеуметтік қызметкер;
16) фельдшер;
17) дәріхана меңгерушісі;
18) медициналық тіркеуші;
19) емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
20) нұсқаушы дезинфектор;
21) логопед.
Ескерту. 1-трамаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 24.03.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) директор (басшы);2) директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары;
3) медициналық бөлімнің меңгерушісі;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5) мейірбике (мейіргер);
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
7) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы;
8) жүзу (гидрокинезотерапия) жөніндегі нұсқаушы;
9) дәріхана меңгерушісі;
10) фармацевт;
11) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы;
12) бас мейірбике (аға мейірбике);
13) акушер;
14) фельдшер;
15) психолог;
16) әдіскер;
17) тәрбиеші;
18) логопед;
19) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
20) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы (еңбекке оқыту мұғалімі);
21) мәдени ұйымдастырушы;
22) музыкалық жетекші;
23) кітапханашы;
24) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 24.03.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 2-трамаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 24.03.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Білім беру мамандарының лауазымдары
1) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;2) жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (меңгерушісі);
3) балалар үйі, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар мен жас өспірімдерге арналған әлеуметтік панахана директоры (меңгерушісі);
4) дене тәрбиесінің жетекшісі;
5) алғашқы әскери даярлық жетекшісі;
6) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы, бейінді оқыту, ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары;
7) білім беру ұйымдарының бөлім меңгерушісі;
8) әлеуметтік педагог;
9) педагог-ұйымдастырушы;
10) қосымша білім беру педагогы;
11) педагог-психолог;
12) аға оқытушы, оқытушы;
13) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
14) музыкалық жетекші;
15) оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері;
16) дене тәрбиесінің нұсқаушысы;
17) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі;
18) лагерьдің (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы;
19) білім алушылардың кәсіптік практикасының жетекшісі;
20) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі;
21) зертхана, кабинет меңгерушісі;
22) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
23) мәдени ұйымдастырушы;
24) аға әдіскер, әдіскер;
25) өндірістік оқыту шебері;
26) аға шебер;
27) аккомпаниатор;
28) концертмейстер;
29) студия, клуб жетекшісі;
30) мейірбике;
31) диеталық мейірбике;
32) кітапханашы;
33) кітапхана меңгерушісі;
34) дәрігер;
35) сурдопедагог;
36) тифлопедагог;
37) кабинет меңгерушісі;
38) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;
39) балетмейстер;
40) хормейстер;
41) жаттықтырушы-оқытушы;
42) жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;
43) туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;
44) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы;
45) тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);
46) спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
47) кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог).
Ескерту. 3-трамаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 24.03.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) директор;2) басшының орынбасары;
3) меңгеруші, сектор, бөлім меңгерушісі;
4) суретші, суретші-қалпына келтіруші;
5) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
6) қордың бас сақтаушысы, қор сақтаушысы;
7) экскурсия жетекшісі;
8) мұражайдың қараушысы;
9) мұражай қорын есепке алу жөніндегі мұрағатшы;
10) әдіскер;
11) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме филиалының басшысы;
12) архивист, археограф, палеограф.
Ескерту. 4-трамаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 24.03.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 24.03.2017 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысына 2-қосымша |
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тiзбeci
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 болып тіркелген, жылғы 25 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).2. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 209 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3724 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 292 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3771 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда "Костанайские новости" газетінде жарияланған).
4. Қостанай облысы әкімдіктің 2013 жылғы 23 қазандағы № 460 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
5. Қостанай облысы әкімдіктің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 143 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты eceбiнeн лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
6. Қостанай облысы әкімдіктің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 591 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5239 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
7. Қостанай облысы әкімдіктің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 326 "Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).