Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/51 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қарашада № 3175 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешімге 3 қосымшаға сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Далжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы

      21 10 2016 жыл

      "Маңғыстау аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Шабикова Рима Нерражимқызы

      21 10 2016 жыл

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №5/51 шешіміне
  1 қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 31.10.2017 № 10/119 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/с

Санаттар тізбесі

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме

Шекті мөлшерлер

Өтініш білдіру мерзімдері

Төлеу мерзімділігі

Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

1

өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар

табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне зиян келтіру

50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес

өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей

жылына бір рет

әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар, иммуннитет тапшылығы вирусы және туберкулездің түрлі нысандары

26 айлық есептік көрсеткіштен артық емес

өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей
 

жылына бір рет


Табысы есептеліп өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

2

мүгедек студенттер

Өтініш беру алдындағы он екі айда Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4 (төрт) еселік төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасының және келісім-шарты болған кезде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын мүгедек студенттерге білім беру қызметін төлеу

1) оқу орындарымен көрсетілетін білім беру қызметі құнының мөлшерінде;
2) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер

жыл сайын
ай сайын

оқу жылы
ның он екі айы ішінде
оқу жылы
ның он екі айы ішінде

3

1) тұл жетім студенттер,балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері;
2) ата-анасы
ның екеуі де немесе бірі мүгедек болған немесе ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер болған студенттер; ата-анасы ның біреуі қайтыс болған студенттер;
төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелет жасқа толма
ған балалары бар, оның ішінде кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқта
ған уақытқа дейін жоғар
ғы оқу орнында орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасының студенттері (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін)

мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласында қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды даярлау мақсатында өтініш беру алдындағы он екі айда Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4 (төрт) еселік төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасының және келісім-шарты болған кезде Қазақстан
Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу

1) оқу орындарымен көрсетілетін білім беру қызметі құнының мөлшерінде;
2) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер

жыл сайын
ай сайын

оқу жылы
ның он екі айы ішінде
оқу жылы
ның он екі айы ішінде

4

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6 бабында қарастырылған негіздеме бойынша тұлғалар (отбасылар);
емделуге, отбасы мүшесінің біреуі қайтыс болуына байланысты, тұрмыстық қажеттіліктерге, дәрі-дәрмек, мектепке керек-жарақтарын алуға мұқтаж басқа да тұлғалар (отбасылар)

өтініш беру алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы

40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес

өтініш берген күннен бастап

жылына бір рет

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №5/51шешіміне
  2 қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 14/160 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/c

Атаулы күндер мен мерекелік күндер тізімі

Санаты

Әлеуметтік көмек мөлшері

Әлеуметтік көмек еселігі

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

1

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы

"Алтын алқа", "Күміс алқа" наградаларымен марапатталған көп балалы аналар

2 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

2

26 сәуір - Чернобыль атом электро станциясындағы апат күні

Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдар

60 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

1986–1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар

50 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

1988–1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар

20 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

3

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

4

9 мамыр - Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа)

60 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986–1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа)

50 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар

40 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi

40 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерінен белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары. Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай – ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері)

40 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет
 

5

1 маусым- Балаларды қорғау күні

16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

6

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушылар

8 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар

60 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

7

Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

8

16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні

барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты

9

29 тамыз- Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтар

5 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

10

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар

36 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет

11

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер

2 айлық есептік көрсеткіш

жылына бір рет



  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №5/51 шешіміне
  3 қосымша

Маңғыстау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2368 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурыздағы № 11 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешімі;

      2. 2014 жылғы 23 шілдедегі №19/162 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2485 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 тамыздағы №38 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешімі;

      3. 2015 жылғы 04 наурыздағы №23/193 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2655 болып тіркелген, 2015 жылғы 08 сәуірдегі №16 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешімі;

      4. 2015 жылғы 30 маусымдағы №25/209 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2758 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдедегі №32-33 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешімі;

      5. 2015 жылғы 28 қазандағы № 27/225 "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/128 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2864 болып тіркелген, 2015 жылы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.