Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының
ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
"04" мамыр 2016 жыл.
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "04" мамырдағы № 118 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимылдарының тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12520 болып тіркелген) (бұдан – әрі Регламент) 9 тармағында көрсетілген қызметті алушының (инвестор) белгіленген нысан бойынша өтінімін және көзделген құжаттарын тапсыруы болып табылады.5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс - қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1 кезең:
1) оператор құжаттарды қабылдайды – 60 (алпыс) минут;
2) құжаттардың толықтығын тексеру және отырысты шақыру туралы жазбаша хабарлау - 7 (жеті) жұмыс күні;
3) инвестициялық субсидиялауға сәйкес/сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссия отырысы - 7 (жеті) жұмыс күні;
4) оператормен комиссия отырысын шақыру туралы комиссия мүшелеріне хабарлау – 1 (бір) жұмыс күні;
5) өтінімді мақұлдау /қайтарып беру туралы комиссия отырысы - 3 (үш) жұмыс күні;
6) жұмыс органы хаттама жасайды- 3 (үш) жұмыс күні;
2 кезең:
жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға беру немесе техника мен жабдықтарды сатып алу бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін инвестор операторға комиссия екінші кезеңде қарау үшін растайтын және құқық белгілейтін құжаттар береді:
7) оператор құжаттарды қабылдайды – 60 (алпыс) минут;
8) құқық белгілейтін және растайтын құжаттарды қабылдап, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартады - 7 (жеті) жұмыс күні;
9) қажет болған жағдайда, комиссия ақпарат сұрайды - 4 (төрт) жұмыс күні;
10) оператор комиссия отырысын шақыру туралы хабарлау – 1 (бір) жұмыс күні;
11) беру немесе өтініштен бас тарту туралы комиссия отырысы – 7 (жеті) жұмыс күні;
12) жұмыс органы хаттаманы ресімдейді және инвесторға жолдайды – 3(үш) жұмыс күні.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1 кезең:
1) құжаттарды тіркеу журналына тіркейді;
2) сараптамалық комиссияға жазбаша хабарлау;
3) инвестициялық субсидиядау жобасына сәйкес/сәйкес еместігі туралы қорытынды береді;
4) комиссия төрағасының келісімімен комиссия отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін тағайындау;
5) өтінімдерді мақұлдау/қайтарып беру туралы комиссия шешімі;
6) жұмыс органы тіркеу журналына хаттаманы тіркейді;
2 кезең:
7) құжаттарды тіркеу журналына тіркейді;
8) оператордың өтінімдерді қарастыруы және құжаттарды салыстырып тексеруі;
9) мәліметтерді нақтылау;
10) комиссия отырысының хат хабарламасы;
11) инвесторға инвестициялық субсидияларды беру немесе бас тарту туралы комиссия шешімі;
12) комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:1) оператор;
2) сараптамалық комиссия;
4) комиссия;
3) жұмыс органы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1 кезең:
1) оператор құжаттарды қабылдап, тіркеу журналына тіркейді – 60 (алпыс) минут;
2) оператор инвестордан келіп түскен құжаттардың толықтығын тексереді және сараптама комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жолдайды - 7 (жеті) жұмыс күні;
3) сараптамалық комиссия оператордан келіп түскен құжаттарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 7 тамызындағы № 9-3/726 "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнекәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 18 қарашада №12305 болып тіркелген) бекітілген Қағидаларға (бұдан – әрі Қағида) сәйкес қарайды, субсидиялар есептемелерін жасайды және инвестициялық субсидиялау жобасына сәйкес/сәйкес еместігі туралы сараптама комиссиясының қорытындысын дайындайды, ол комиссия отырысындағы материалдарға қоса беріледі. Осы Қағидаларда көзделген құжаттардың болмауы сараптамалық комиссияның субсидиялаудан бас тарту қорытындысын дайындау үшін негіз болып табылады- 7 (жеті) жұмыс күні;
4) сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін, оператор комиссия отырысын шақыру туралы оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жолдайды. Комиссия отырысын өткізу орнын, уақытын, және күнін комиссия төрағасымен келісім бойынша оператор айқындайды - 1 (бір) жұмыс күні;
5) комиссия оның мүшелері өтінімді мақұлдау/қайтарып беру туралы шешім қабылдайды және хаттама түрінде ресімделеді- 3 (үш) жұмыс күні;
6) жұмыс органы хаттама жасайды және хаттаманы тіркеу журналында тіркейді – 3 (жұмыс) күні.
2 кезең:
7) оператор қосымша құжаттарды қабылдап, тіркеу журналына тіркейді - 60 (алпыс) минут;
8) инвесторлардың құжаттарын жан-жақты қарау үшін, сондай-ақ даулы мәселелер болған кезде, ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандар не тәуелсіз сарапшылар тартылады – 7 (жеті) жұмыс күні;
9) қажет болған жағдайда, инвестордың өтінімінде мәліметтерді нақтылау мақсатында, комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады – 4 (төрт) жұмыс күні;
10) оператор комиссия отырысын шақыру туралы оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жолдап, комиссия төрағасының келісімі бойынша өткізу орнын, уақытын және күнін айқындайды – 1 (бір) жұмыс күні;
11) комиссия инвесторға инвестициялық субсидиялар беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды – 7 (жеті) жұмыс күні;
12) жұмыс органы хаттаманы ресімдеп, қол қойып және мөрімен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының үзінді-көшірмесін инвесторға жібереді – 3 (үш) жұмыс күні.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "04" мамырдағы № 118 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме (бұдан әрі - Комиссия).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдадарының тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12523 болып тіркелген) (бұдан – әрі Регламент) 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды алуы болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 кезең:
1) оператор құжаттарды қабылдайды және тіркейді – 30 (отыз) минут;
2) оператор құжаттардың толықтығын тексереді және Комиссияның қарауына береді – 5 (бес) жұмыс күні;
3) Комиссия отырысы және өтінімдерді мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімі – 5 (бес) жұмыс күні.
2-кезең:
4) жұмыс органы кепіл берушімен және (немесе) сақтандыру ұйымымен шарт жасауы – 5 (бес) жұмыс күні;
5) кредиторға және қарыз алушыға кепіл берушімен және (немесе) сақтандыру ұйымына шартты жолдауы– 5 (бес) жұмыс күні;
6) кредитор шартқа қол қоюы және қарыз алушыға беруі – 5 (бес) жұмыс күні;
7) қарыз алушымен қарыз шартын жасасады – 5 (бес) жұмыс күні;
8) кредитор растаған қарыз шартының көшірмелерін кепіл берушіге және (немесе) сақтандыру ұйымына жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
9) операторға қарыз алушыға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын және (немесе) сақтандыру сыйақысының бір бөлігін ішінара төлеуі туралы мәліметтерді жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
10) оператор құжаттарды қарайды – 3 (үш) жұмыс күні;
11) кепіл берушінің және (немесе) сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия аудару – 5 (бес) жұмыс күні.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) өтініштің күні мен уақыты көрсетілген тіркелгені туралы белгі;
2) қарыз алушылардан қосымшасымен бірге өтініштердің тізімі және құжаттардың толық топтамасы;
3) оператормен Комиссия мүшелерінің қолдарын жинау;
4) субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы шарты;
5) кепіл беруші және (немесе) сақтандыру ұйымы шартқа қол қою;
6) қарыз алушы төлемді жүзеге асыру;
7) кредитор кредит беру;
8) қарыз алу шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелері;
9) операторға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын және (немесе) сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ішінара төлеу туралы мәлімет;
10) жұмыс органына хат жолдау;
11) кепіл берушінің және (немесе) сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) оператор;
2) комиссия;
3) жұмыс органы;
4) кепіл беруші және (немесе) сақтандыру ұйымы;
5) кредитор.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1-кезең:
1) оператор құжаттарды қабылдайды және тіркейді – 30 (отыз) минут;
2) оператор қарыз алушының құжаттарының толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, құжаттарды қарыз алушыға қайтарады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтарда № 9-1/71 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 қарашада № 12183 болып тіркелген) бекітілген Қағидаларға (бұдан – әрі Қағида) сәйкестігін тексереді. Комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді, қарыз алушылардың тізімі мен өтініштерін қоса бере отырып, құжаттардың толық топтамасын Комиссияның қарауына енгізеді – 5 (бес) жұмыс күні;
3) Комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қабылдау кезінде оператордың ұсынымдарын басшылыққа алады және ол хаттама түрінде ресімделеді. Комиссия мүшелерінің қолдары қойылғаннан кейін, Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге және (немесе) сақтандыру ұйымына жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
2-кезең:
4) жұмыс органы кепіл бойынша комиссияны субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен және (немесе) сақтандыруды субсидиялаудың тәртібі мен шарттары туралы сақтандыру ұйымымен шарт жасасады – 5 (бес) жұмыс күні;
5) кепіл беруші жұмыс органымен шартқа қол қойғаннан кейін, қарыз алушы кредиттің бір бөлігін кепілдендіру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді және (немесе) сақтандыру ұйымы шартқа қол қойғаннан кейін, сақтандыру шартына қол қояды,оны қарыз алушыға қол қоюға жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
6) кредитор кепіл берушіден кепілдендіру шартын және (немесе) сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін, оған қол қояды және кепілдендіру шартын қарыз алушыға қол қою үшін береді – 5 (бес) жұмыс күні;
7) шартқа қол қойғаннан кейін кредитор қарыз алушымен қарыз шартын жасасады және қарыз алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні;
8) кредитор қарыз алушыға кредит бергеннен кейін растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге және (немесе) сақтандыру ұйымына жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
9) кепіл беруші және (немесе) сақтандыру ұйымы кредит берілгеннен кейін, операторға қарыз алушыға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын және (немесе) сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ішінара төлеу туралы мәліметтерді құжаттармен қоса жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
10) оператор ұсынылған құжаттарды қарайды және жұмыс органына хат жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні;
11) жұмыс органы оператордан хат алғаннан кейін, кепіл берушінің және (немесе) сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні.