Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған:
1) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
"12" сәуір 2016 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "12" сәуірдегі | |
№ 98 қаулысымен | |
бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) интернет - ресурстарында орналастыру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурстарында орналастыру.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе оның сенімхат бойынша өкілінен) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12439 болып тіркелген) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтінішті (бұдан әрі - өтініш) алуы болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдау және тіркеу - 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының өтінішті қарауы және жауапты орындаушыға жолдауы - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі - 3 (үш) жұмыс күні;
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) өтінішті қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, өтініштің көшірмесінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) дайындаушы ұйымдардың тізбесіне қосу және қызмет берушінің интернет - ресурсына орналастыру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті қабылдайды, тіркейді, құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсетіп, оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесіне қабылдау белгісімен растайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды - 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштерді қарайды және көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын қарастырғаннан кейін, дайындаушы ұйымдарды агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне қосу жолымен есепке қоюды жүзеге асырады және әкімдіктің интернет - ресурсында орналастырады - 3 (үш) жұмыс күні.
Өтінішті белгіленген нысанда берген жағдайда аккредиттеуден бас тартуға жол берілмейді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы | |
дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" | |
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне | |
қосымша |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "12" сәуірдегі | |
№ 98 қаулысымен | |
бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидиялар төлеу туралы шешім басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12437 болып тіркелген) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті беруі болып табылады (бұдан әрі - Стандарт).5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу - 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындаушы - 6 (алты) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қарауы - 30 (отыз) минут;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп кеңседе тіркеу туралы белгі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;
5) дайындаушы ұйымның шотына субсидияны аудару немесе дәлелді бас тартуды жазбаша түрде ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімі.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті қабылдайды, тіркейді, құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсетіп, оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесіне қабылдау белгісімен растайды және құжаттарды қызметті берушінің басшысына жолдайды - 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдеу үшін өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут;
3) дайындаушы ұйымдардың өтінімдерін қызметті беруші жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін қабылдайды;
жауапты орындаушы мемлекеттік кіріс органдарын өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, өтінімді қабылдағаны туралы хабардар етеді - 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап мемлекеттік кіріс органдары дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады - 3 (үш) жұмыс күні;
жауапты орындаушы дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап өтінімде көрсетілген мәліметтерді және дайындаушы ұйым ұсынған ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен салыстыруды жүргізеді және субсидиялар төлеу сәйкес келген жағдайда немесе төлеуден бас тарту (сәйкес келмеген жағдайда) туралы шешім қабылдайды - 2 (екі) жұмыс күні.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды - 30 (отыз) минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімі дайындаушы ұйымның шотына субсидияны аударады немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды ұсынады - 3 (үш) жұмыс күні;
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс -қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.