"Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 ақпандағы № 19 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 5373 болып тіркелді

Қолданыстағы
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4856 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      “2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері” деген бөлімде:
      15-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      “3) кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу; ”;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      16-тармақта:
      7), 8), 9) және 14) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      “10-1) әлеуметтік келісім-шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету; ”;
      17-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев