1. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 44 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4963 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
“1. Жалпы ережелер”деген бөлімде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“9. “Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).”;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3.”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |