1. Жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде 2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
3. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қайруллаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |