"2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы N 5068 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 наурызда N 5423 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4773 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5292 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы №03-04, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы №1-2, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 2-тармағы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылордақаласының әкімі Н. Нәлібаев