"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 463 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 шілдеде № 5548 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Сүлейменовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы " 27" мамырдағы
№ 463 қаулысымен бекітілген

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13610 болып тіркелген) бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілінің: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) (бұдан әрі – оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініш көшірмесі) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды, құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі – тоқтату туралы дәлелді жауап) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тоқтату туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тоқтату туралы дәлелді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (он бес минуттан аспайды);
      7) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы:
      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) сараптамалық кеңестің қарауына;
      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) cәулет-қала құрылысы кеңесінің қарауына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде) немесе ұсынылған құжаттар стандарттың 10-тармағында көзделген негіздерге сәйкес келген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (төрт жұмыс күні ішінде);
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дәлелді бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дәлелді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (он бес минуттан аспайды);
      10) сараптамалық кеңес эскизді (эскиздік жобаны) қарайды, хаттамалық қорытынды шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (жеті жұмыс күні ішінде);
      сәулет-қала құрылысы кеңесі эскизді (эскиздік жобаны) қарайды, хаттамалық қорытынды шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (он екі жұмыс күні ішінде);
      11) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы келісімді дайындайды және келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      12) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келісімге, эскизге (эскиздік жобаға) қол қояды және келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);
      13) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келісімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді (эскиздік жобаны) береді (он бес минуттан аспайды).
      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      4) сараптамалық кеңес;
      5) cәулет-қала құрылысы кеңесі.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл тәртібі реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

  Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) ұсынылған жағдайда:

1
Рәсімнің
(іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
 
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсе
қызметкері
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
басшысы
3
Рәсімнің
(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне
өтініштің
көшірмесін береді
құжаттарды
қарайды
құжаттарды қарайды және құжаттардың
толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда тоқтату туралы дәлелді жауап
дайындайды
тоқтату
туралы дәлелді
жауапқа
қол қояды
тоқтату туралы дәлелді жауапты
тіркейді
ұсынылған құжаттар стандарттың 10-тармағында көзделген негіздерге сәйкес келген жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды
дәлелді бас
тартуға қол
қояды

4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім
(іс-қимыл) нәтижесі
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды көрсетілетін
қызметті берушінің орындаушы сына
жолдайды
тоқтату туралы дәлелді жауапты
көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
тоқтату туралы дәлелді жауапты
көрсетілетін
қызметті берушінің
кеңсе қызметкері
не жолдайды
тоқтату туралы дәлелді жауапты
көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
дәлелді бас тартуды
көрсетілетін
қызметті берушінің
кеңсе қызметкеріне
жолдайды
5
Орындалу мерзiмi
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды
2 жұмыс
күні ішінде
15 минуттан аспайды
 
15 минуттан аспайды
4 жұмыс
күні ішінде
15 минуттан аспайды

      

1
Рәсімнің
(іс-қимылдың) нөмірі
8
9
10
11
12
13
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Сараптамалық
кеңес
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Көрсетілетін
қызметті берушінің
басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
3
Рәсімнің
(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
дәлелді бас
тартуды тіркейді
құжаттардың
толық топтамасы
ұсынылған
жағдайда эскизді (эскиздік жобаны) қарайды
эскизді (эскиздік жобаны)
қарайды және хаттамалық қорытынды
шығарады
келісімді дайындайды
келісімге және эскизге (эскиздік жобаға) қол қояды
келісімді тіркейді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім
(іс-қимыл) нәтижесі
дәлелді бас
тартуды көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
эскизді (эскиздік жобаны)
сараптамалық
кеңестің
қарауына
ұсынады
көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысына жолдайды
келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді
(эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді
(эскиздік жобаны) көрсетілетін
қызметті берушінің
кеңсе қызметкеріне жолдайды
келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
5
Орындалу мерзiмi
15 минуттан аспайды
жұмыс
күні ішінде
7 жұмыс
күні ішінде
1 жұмыс күні ішінде
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды

  Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) ұсынылған жағдайда:

1
Рәсімнің
(іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
 
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсе
қызметкері
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
басшысы
3
Рәсімнің
(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне
өтініштің
көшірмесін береді
құжаттарды
қарайды
құжаттарды қарайды және құжаттардың
толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда тоқтату туралы дәлелді жауап
дайындайды
тоқтату
туралы дәлелді
жауапқа
қол қояды
тоқтату туралы дәлелді жауапты
тіркейді
ұсынылған құжаттар стандарттың 10-тармағында көзделген негіздерге сәйкес келген жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды
дәлелді бас
тартуға қол
қояды

4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім
(іс-қимыл) нәтижесі
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды көрсетілетін
қызметті берушінің орындаушы сына
жолдайды
тоқтату туралы дәлелді жауапты
көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
тоқтату туралы дәлелді жауапты
көрсетілетін
қызметті берушінің
кеңсе қызметкері
не жолдайды
тоқтату туралы дәлелді жауапты
көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
дәлелді бас тартуды
көрсетілетін
қызметті берушінің
кеңсе қызметкеріне
жолдайды
5
Орындалу мерзiмi
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды
2 жұмыс
күні ішінде
15 минуттан аспайды
 
15 минуттан аспайды
4 жұмыс
күні ішінде
15 минуттан аспайды

      

1
Рәсімнің
(іс-қимылдың) нөмірі
8
9
10
11
12
13
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Сәулет-қала құрылысы кеңесі
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Көрсетілетін
қызметті берушінің
басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
3
Рәсімнің
(іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
дәлелді бас
тартуды тіркейді
құжаттардың
толық топтамасы
ұсынылған
жағдайда эскизді (эскиздік жобаны) қарайды
эскизді (эскиздік жобаны)
қарайды және хаттамалық қорытынды
шығарады
келісімді дайындайды
келісімге және эскизге (эскиздік жобаға) қол қояды
келісімді тіркейді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім
(іс-қимыл) нәтижесі
дәлелді бас
тартуды көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
эскизді (эскиздік жобаны)
сәулет-қала
құрылысы кеңесінің
қарауына
ұсынады
көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысына жолдайды
келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді
(эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді
(эскиздік жобаны) көрсетілетін
қызметті берушінің
кеңсе қызметкеріне жолдайды
келісімді, хаттамалық қорытындыны және эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
5
Орындалу мерзiмi
15 минуттан аспайды
жұмыс
күні ішінде
12 жұмыс
күні ішінде
1 жұмыс күні ішінде
15 минуттан аспайды
15 минуттан аспайды

  "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) ұсынылған жағдайда:

      


  "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) ұсынылған жағдайда:

      


  "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) ұсынылған жағдайда:

      


      кестенің жалғасы
      


Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) ұсынылған жағдайда:

      


      кестенің жалғасы
      


      Шартты белгілемелер: