Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 5404 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекеленген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар қосымша берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихаты хатшысының
      44 сессиясының төрағасы уақытша міндетін атқарушы
      М. Кәрім Қ. Бисенов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы 10 ақпандағы

347 шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар


Ауру түрі
Халық санаты
Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)
Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны)
1
Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі
- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг
- Ацетилцистеин 100 мг
- Ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған.
3- жастан жоғары
балаларға және ересектерге тағайындалады)

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      мг - миллигра́мм