1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 25/234 "Приозерск қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2407 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 қарашадағы № 45/326 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімінің міндетін атқарушы | Д. Сәденов |
| Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы " 23 " маусымдағы № 22/1 қаулысына қосымша |