Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы XXV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы X сессиясының № VI-10/80 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 4087 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсанындағы XXV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы "Қарқаралы" № 7-8 (11234) газетінде, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
      1) 9 мамыр – Жеңіс күні;
      2) 6 шілде – Астана күні;
      3) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
      4) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні.".
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Мубараков
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов