Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы 10 сессиясының № 9 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 4099 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 13 сәуірдегі № 14 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Бұқар жырау ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:
       6-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С.Артыкбаева
      Мәслихат хатшысы А.Әли