1. Саран қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда жарияланған, 2014 жылы 17 қаңтардағы № 3 "Саран газеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
6 тармақтың 10 абзацы алынып тасталсын;
6 тармақтың 11 абзацы жаңа редакцияда жариялансын:
"30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні - мерекесіне - 1, 2, 3, топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасарына және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Абзалиева |
Мәслихат хатшысы | Р. Бекбанов |