1. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-117 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 25 (1891) нөмірінде жарияланған);
2) 2013 жылғы 30 қазандағы № 26/18 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2424 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (2087) нөмірінде жарияланған);
3) 2015 жылғы 2 наурыздағы № 06/16 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3039 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 13 (2151) нөмірінде және 2015 жылғы 10 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің | |
міндетін атқарушы | А.А. Идрисов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің | |
2016 жылғы 4.02 | |
№ 03/01 қаулысына | |
1 қосымша |
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Сәтбаев қаласы әкімдігінің | |
2016 жылғы 04 ақпан | |
№ 03/01 қаулысына | |
2 қосымша |