1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
3) емделу курсынан және оңалтудан өткен нашақорлыққа тәуелді тұлғалар.
2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 20/05 "Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 3247, 2015 жылғы 17 маусымдағы № 64 (12314) "Балқаш өңірі", № 64 (1385) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Аглиулин |