1. Қоса беріліп отырған "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 34/04 қаулысымен бекітілген |
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13610 болып тіркелген) бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында қарастырылған негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Стандарт қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - өтініш) бар көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша уәкілетті өкілдің) өтініші мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті түскен күні 15 (он бес) минуттың ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініш келіп түскен күні бұрыштама қоя отырып, жауапты орындаушыға 15 (он бес) минуттың ішінде орындау үшін жолдайды;
3) жауапты орындаушы келіп түскен өтінішті қарастырады және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша эскиздерді (эскиздік жобаларды) тиісті консультативтік-кеңесші орган қарайды және көрсетілетін қызметті берушімен 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келіседі, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 10 (он) жұмыс күні ішінде, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және қол қойылған күні 15 (он бес) минуттың ішінде кеңсеге жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және деректер базасына енгізуді жүргізеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минуттың ішінде береді.
8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) басшының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесі;
4) көрсетілетін қызметтің қол қойылған нәтижесі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) жауапты орындаушы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері өтінішті 15 (он бес) минуттың ішінде тіркейді, өтініш келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қоя отырып, өтініш келіп түскен күні жауапты орындаушыға 15 (он бес) минуттың ішінде орындау үшін жолдайды жолдайды;
3) жауапты орындаушы келіп түскен өтінішті қарастырады және эскиздік жобасы бойынша техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің 10 (он) жұмыс күні ішінде, күрделі объектілер бойынша 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және қол қойылған күні 15 (он бес) минуттың ішінде кеңсеге жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минуттың ішінде береді.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында берілген.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылмаған және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілмейді."Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |