"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 24/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 3787 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12437 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы " 11 " сәуірдегі
№ 24/02 қаулысымен бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидиялар төлеу туралы шешім басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша оның өкілінің (бұдан әрі – оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12437 нөмірімен тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағында көрсетілген белгіленген нысан бойынша өтініш ұсынуы.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге –өтінішті жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін ұсынады. Нәтижесі – өтінішті ұсыну;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады -30 (отыз) минут. Нәтижесі - қабылдаған күні және уақыты көрсетіле отырып, өтініштің көшірмесіне тіркелгендігі туралы белгі қою;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут. Нәтижесі – өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы облыстардың, республикалық маңыздағы қалалардың, астананың мемлекеттік кіріс органдарын (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органдары) өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір жұмыс күні ішінде). Нәтижесі – өтінішті мемлекеттік кіріс органына ұсынады;
      5) мемлекеттік кіріс органдары көсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11008 нөмірімен тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы жөнінде мәліметтерді ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
      6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы жөнінде мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап өтініште көрсетілген мәліметтерді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған көрсетілетін қызметті алушы жөніндегі мәліметтермен салыстырып-тексеруді жүргізеді және субсидиялар төлеу (сәйкес келген жағдайда) туралы шешім қабылдайды, ол басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – субсидиялар төлеу (сәйкес келген жағдайда) туралы шешім қабылдау;
      7) көрсетілетін қызмет беруші субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған сәттен көрсетілетін қызметті алушының шотына субсидияны аударады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі - субсидиялар төлеу туралы шешім.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      4) мемлекеттік кіріс органдары.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы.
      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін ұсынады;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады -30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік кіріс органдарын өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді – 1 (бір жұмыс күні ішінде);
      5) мемлекеттік кіріс органдары көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап Қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы жөнінде мәліметтерді ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы жөнінде мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап өтініште көрсетілген мәліметтерді және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған көрсетілетін қызметті алушы жөніндегі мәліметтермен салыстырып-тексеруді жүргізеді және субсидиялар төлеу (сәйкес келген жағдайда) туралы шешім қабылдайды, ол басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      7) көрсетілетін қызмет беруші субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған сәттен көрсетілетін қызметті алушының шотына субсидияны аударады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" веб - портал арқылы көрсетілмейді.

  Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы
ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде
бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы