"Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 24/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 3785 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12520 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы " 11 " сәуірдегі
№ 24/04 қаулысымен бекітілді

"Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қарағанды облысындағы "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының филиалымен (бұдан әрі-оператор) жүзеге асады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 9-3/999 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12520 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағымен көрсетілген белгіленген нысан бойынша өтінім және құжаттармен көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті ұсынуға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері оператордан құжаттар топтамасы қоса берілген өтінімді қабылдап, тіркейді, құжаттарды қабылдаған жөніндегі өтінімнің куәландырылған көшірмесін береді – 15 (он бес) минут. Нәтижесі-өтінімді тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын айқындайды – 1 (бір) жұмыс күн. Нәтижесі - қызметті берушінің жауапты маманына құжаттарды жолдау;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы оператордан келіп түскен құжаттар топтамасын сараптамалық комиссияның қарауына дайындайды. Сараптамалық комиссияның мүшелері өтініштерді қарайды, субсидиялар есептемелерін жасайды, жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы сараптамалық комиссияның құжаттарын операторға жолдайды - 6 (алты) жұмыс күн. Нәтижесі –сараптамалық комиссияның құжаттарын операторға жолдау;
      4) оператор сараптамалық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, инвестициялық субсидиялау бойынша құжаттарды дайындайды. Инвестордың өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Комиссия сұрататын ақпаратты инвестордың беру мерзімі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетіледі (бірінші кезең). Инвестор операторға екінші кезеңде комиссияның қарауы үшін құқық белгілейтін және растайтын құжаттардың түпнұсқасын салыстырып-тексеруі үшін ұсынады - 33 (отыз үш) жұмыс күн. Нәтижесі – инвестордың құқық белгілейтін және растайтын құжаттардың түпнұсқасын операторға ұсынуы;
      5) комиссия инвестициялық жобалар бойынша өтінімді қағидалардың өлшемдері мен талаптарының мәніне қызмет көрсетуді алушының сәйкестігін қарайды. Комиссия инвесторға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы шешімді қабылдайды. Комиссия хатшысы жұмыс органының мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені операторға жолдайды - 3 (үш) жұмыс күн. Нәтижесі - инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілер) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
      5) оператор;
      6) комиссия.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері оператордан құжаттар топтамасы қоса берілген өтінімді қабылдап, тіркейді, құжаттарды қабылдаған жөніндегі өтінімнің куәландырылған көшірмесін береді – 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын айқындайды – 1 (бір) жұмыс күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы оператордан келіп түскен құжаттар топтамасын сараптамалық комиссияның қарауына дайындайды. Сараптамалық комиссияның мүшелері өтініштерді қарайды, субсидиялар есептемелерін жасайды, жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы сараптамалық комиссияның құжаттарын операторға жолдайды - 6 (алты) жұмыс күн;
      4) оператор сараптамалық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, инвестициялық субсидиялау бойынша құжаттарды дайындайды. Инвестордың өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Комиссия сұрататын ақпаратты инвестордың беру мерзімі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетіледі (бірінші кезең). Инвестор операторға екінші кезеңде комиссияның қарауы үшін құқық белгілейтін және растайтын құжаттардың түпнұсқасын салыстырып-тексеруі үшін ұсынады - 33 (отыз үш) жұмыс күн;
      5) комиссия инвестициялық жобалар бойынша өтінімді қағидалардың өлшемдері мен талаптарының мәніне қызмет көрсетуді алушының сәйкестігін қарайды. Комиссия инвесторға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы шешімді қабылдайды. Комиссия хатшысы жұмыс органының мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені операторға жолдайды - 3 (үш) жұмыс күн.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) рәсімдерінің (іс-қимылдардың) реттілігінің нақты сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" веб - портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектісі инвестициялық салыным
кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің
орнын толтыру бойынша субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы