1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы "11 " сәуір № 24/03 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) интернет-ресурстарында орналастыру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастыру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша оның өкілінің (бұдан әрі – оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №9-3/1001 бекітілген бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12439 нөмірімен тіркелген) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген белгіленген нысан бойынша өтінім ұсынуы.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды стандарттың 9-тармағында сәйкес ұсынады - 30 (отыз) минут. Нәтижесі - қабылдаған күні және уақыты көрсетіле отырып, өтініштің көшірмесіне тіркелгендігі туралы белгі қою;
2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут. Нәтижесі - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут. Нәтижесі - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттағы мәліметтердің мазмұнының толықтығын қарайды, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) қосу жолы арқылы көрсетілетін қызметті алушыны дайындаушы ұйымдар есебіне қоюды жүзеге асырады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – тізбеге қосу.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды стандарттың 9-тармағында сәйкес ұсынады - 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды - 30 (отыз) минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттағы мәліметтердің мазмұнының толықтығын қарайды, тізбеге қосу жолы арқылы көрсетілетін қызметті алушыны дайындаушы ұйымдар есебіне қоюды жүзеге асырады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" "www.egov.kz" веб - портал арқылы көрсетілмейді."Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |