"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 24/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 мамырда № 3782 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12523 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 11 сәуірдегі
№ 24/05 қаулысымен бекітілді

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қарағанды облысындағы "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының филиалымен (бұдан әрі - оператор) жүзеге асады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) өтініштерді мақұлдаған жағдайда кепіл берушінің/ сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару (мақұлданған жағдайда).
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 9-1/1018 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12523 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен (не оның сенімхат бойынша өкілімен) тапсыру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
      1) оператор қарыз алушы ұсынған құжаттарды тексереді, ұсынымдарды әзірлейді, ұсыныстарды қалыптастырады және комиссияның қарауына береді - 5 (бес) жұмыс күн. Нәтижесі – құжаттарды тексеру, комиссияның қарауына ұсыныстар беру;
      2) комиссия қарыз алушының өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді хаттама түрінде шығарады – комиссияның бір отырысы шеңберінде. Нәтижесі –қарыз алушының өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы хаттамасы;
      3) оператор Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін хаттамадан үзінді көшірмелерді көрсетілетін қызметті берушіге, кредиторға, кепіл берушіге /сақтандыру ұйымына жолдайды- 5 (бес) жұмыс күн (1 кезең). Нәтижесі –қол қойылған хаттама және хаттамадан үзінді көшірмелерді көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті беруші Комиссия оң шешім қабылдағаннан кейін кепіл бойынша комиссияны/ сақтандыруды субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен/ сақтандыру ұйымымен шарт жасасады - 5 (бес) жұмыс күн. Нәтижесі – жасасқан келісім шарт;
      5) оператор кепіл берушіден/ сақтандыру ұйымынан алынған хатты қарастырып, тиісті хатты көрсетілген қызметті берушіге жолдайды – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн. Нәтижесі – кепіл берушіден/ сақтандыру ұйымынан алынған хатты көрсетілген қызметті берушіге жолдау;
      6) көрсетілген қызметті беруші оператордан хатты алғаннан кейін қаражатты аударуды іске асырады - 5 (бес) жұмыс күн (2 кезең).
      Нәтиже:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) кепіл берушінің/ сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару (өтініштерді мақұлдаған жағдайда).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілер) тізбесі:
      1) оператор;
      2) комиссия;
      3) көрсетілген қызметті беруші.
      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) оператор қарыз алушы ұсынған құжаттарды тексереді, ұсынымдарды әзірлейді, ұсыныстарды қалыптастырады және комиссияның қарауына береді - 5 (бес) жұмыс күн;
      2) комиссия қарыз алушының өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді хаттама түрінде шығарады – комиссияның бір отырысы шеңберінде;
      3) оператор Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін, хаттамадан үзінді көшірмелерді көрсетілетін қызметті берушіге, кредиторға, кепіл берушіге /сақтандыру ұйымына жолдайды- 5 (бес) жұмыс күн (1 кезең);
      4) көрсетілетін қызметті беруші Комиссия оң шешім қабылдағаннан кейін кепіл бойынша комиссияны/ сақтандыруды субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен/ сақтандыру ұйымымен шарт жасасады - 5 (бес) жұмыс күн;
      5) оператор кепіл берушіден/ сақтандыру ұйымынан алынған хатты қарастырып, тиісті хатты көрсетілген қызметті берушіге жолдайды – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн;
      6) көрсетілген қызметті беруші оператордан хатты алғаннан кейін қаражатты аударуды іске асырады - 5 (бес) жұмыс күн (2 кезең).
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) рәсімдерінің (іс-қимылдардың) реттілігінің нақты сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" "www.egov.kz" веб - портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау"
мемлкеттік көрсетілетін қызметіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы