Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 04/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 наурызда № 3684 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 627 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12417 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген:
      1) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 04/03 қаулысымен
бекітілген

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12417 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың ұсынылуы мен жеке тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін кызметті алушы) өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      ауысу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдап, тіркейді;
      нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын 1 (бір) жұмыс күн ішінде айқындайды;
      нәтиже – жауапты орындаушыны айқындау;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, 15 (он бес) жұмыс күн ішінде құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      нәтиже – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа 1 (бір) жұмыс күн ішінде қол қояды;
      нәтиже – құжаттар көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жолданады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде ішінде тапсырады;
      нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қызметті алушыға тапсырады;
      қайта қабылдау үшін:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде ішінде қабылдап, тіркейді;
      нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын 1 (бір) жұмыс күн ішінде айқындайды;
      нәтиже – жауапты орындаушыны айқындау;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, 5 (бес) жұмыс күн ішінде құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      нәтиже – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа 1 (бір) жұмыс күн ішінде қол қояды;
      нәтиже – құжаттар көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жолданады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде тапсырады;
      нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қызметті алушыға тапсырады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
      ауысу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдап, тіркейді;
      нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын 1 (бір) жұмыс күн ішінде айқындайды;
      нәтиже – жауапты орындаушыны айқындау;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, 15 (он бес) жұмыс күн ішінде құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      нәтиже – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа 1 (бір) жұмыс күн ішінде қол қояды;
      нәтиже – құжаттар көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жолданады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде тапсырады;
      нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қызметті алушыға тапсырады;
      қайта қабылдау үшін:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдап, тіркейді;
      нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын 1 (бір) жұмыс күн ішінде айқындайды;
      нәтиже – жауапты орындаушыны айқындау;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, 5 (бес) жұмыс күн ішінде құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      нәтиже – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа 1 (бір) жұмыс күн ішінде қол қояды;
      нәтиже – құжаттар көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жолданады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде тапсырады;
      нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қызметті алушыға тапсырады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет Стандартқа сәйкес автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

  "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамалығы



  "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамалығы



  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 04/03 қаулысымен
бекітілген

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" көрсетілетін мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), регламенті кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.
      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады;
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12417 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың ұсынылуы мен жеке тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін кызметті алушы) өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдап, тіркейді;
      нәтиже – көрсетілетін қызмет берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын 1 (бір) жұмыс күн ішінде айқындайды;
      нәтиже – жауапты орындаушыны айқындау;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, 1(бір) жұмыс күн ішінде құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      нәтиже – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа 30 (отыз) минут ішінде қол қояды;
      нәтиже – құжаттар көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жолданады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға тапсырады;
      нәтиже - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды қызметті алушыға тапсырады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлерiнің) тiзбесi:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
      3) кеңсе қызметкері.
      7. Әрбір рәсімінің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс қимылдың) реттілігін сипаттау:
       1) көрсетілетін қызметалушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері оларды 15 (он бес) минут ішінде қабылдап алады және тіркейді;
       2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттармен танысады және 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын айқындайды;
      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, басшының қолын қойдыруға жолдайды 1 (бір) жұмыс күн ішінде;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатқа 30 (отыз) минут ішінде қол қояды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға тапсырады 15 (он бес) минут ішінде.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет Стандартқа сәйкес автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

  "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейнен кейнгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейнен кейнгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамалығы