"Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйекте № 45-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы № 2-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3116 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 45-3 шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде №2792 болып тіркелген, 2015 жылы 7 қазанда "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің кіріспесіндегі "387 бабының 1-1 тармағына" деген сөздер "386 бабының 5 тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарлатылсын.".
      2. Осы шешімнің орындалуын және интернет ресурстарында жариялауын бақылау аудандық мәслихаттың аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл аудандық мәслихаты Жамбыл аудандық
       сессиясының төрағасы: мәслихаты хатшысы:
      Ө. Ботаев Р. Бегалиев