Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 52-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 3022 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 444-бабы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Тараз қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2016 жылдың 1 мамырынан қолданысқа енгізіледі.
      Тараз қалалық мәслихаты Тараз қалалық
      сессиясының төрайымы мәслихатының хатшысы
      Ж. Бүркітбаева Б. Нарбаев