Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10190 болып тіркелген) бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және элиталық көшеттерді өткізу нормалары мен шекті бағалары бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "2016 жылға бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аудандар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2951 болып тіркелген, 2016 жылдың 17 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап
күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Орынбеков |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 274 қаулысына қосымша |
Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу (пайдалану) және элиталық көшеттерді өткізу нормалары мен шекті бағалары
кестенің жалғасыкестенің жалғасы
кестенің соңы