"Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 241 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 тамызда № 3146 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2838 болып тіркелген, 2015 жылдың 5 желтоқсанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Орынбеков

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 241 қаулысына қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидия нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)


Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
1 гектарға (тонна) бюджеттік субсидия нормалары, теңге
1
Қант қызылшасы 1 гектарға (50%)
50 000
2
Қант қызылшасы 1 тоннаға (50%)**
2 500
3
Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай)*
1 500 000
4
Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай)*
2 000 000
5
Қант қызылшасы, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы (50%)
90 000
6
Қант қызылшасы 1 тоннаға, тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы (50%)**
2 250
7
Майлы дақылдар
2 000
8
Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
60 000
9
Дәндік жүгері
10 000
10
Көпжылдық шөп (таза егіс)
3 000
11
2, 3 жылғы көпжылдық шөп
500
12
Көп жылдық шөп, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
25 000
13
Сүрлемдік жүгері
3 000
14
Картоп
5 000
15
Сүрлемдік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы
60 000

      * 1 дақыл айналым нормалары
      ** қант қызылшасы бойынша 1 гектарға 50%, 1 тоннаға 50%