"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы"

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 155 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 мамырда № 3094 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К.Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 155 қаулысымен бекітілген

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13610 болып тіркелген) бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: – Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың қосымшасында көрсетілген тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) ұсынуы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттар топтамасын бұрыштама қою үшін береді, 15 (он бес) миніт ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын қарайды, көрсетілетін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды және құжаттар топтамасын орындау үшін береді, 1 (бір) сағат ішінде;
      3) көрсетілетін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады:
      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) бойынша өтінішті қарау және келісу мерзімі 9 (тоғыз) жұмыс күн ішінде.
      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) бойынша өтінішті қарау және келісу мерзімі 14 (он төрт) жұмыс күн ішінде.
      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қарайды және оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді, 1 (бір) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут ішінде.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күнін және уақытын көрсете отырып, өтініштің көшірмесін беру;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
      3) құжаттар топтамасын зерделеу, көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесінің жобасы;
      4) қол қойылған көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі;
      5) қызмет алушыға объектілердің эскизін "эскиздік жобасын) келісімін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттар топтамасын бұрыштама қою үшін береді, 15 (он бес) миніт ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын қарайды, көрсетілетін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды және құжаттар топтамасын орындау үшін береді, 1 (бір) сағат ішінде;
      3) көрсетілетін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады:
      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) бойынша өтінішті қарау және келісу мерзімі 9 (тоғыз) жұмыс күн ішінде.
      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизі (эскиздік жобасы) бойынша өтінішті қарау және келісу мерзімі 14 (он төрт) жұмыс күн ішінде.
      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қарайды және оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді, 1 (бір) сағат ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 15 (он бес) минут ішінде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында тіркелген.
      Қызмет көрсету жөнінде ақпаратты қызмет берушінің http:// uag.zhambyl.gov.kz және www. zhambyl.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады

  "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


Шартты белгілер: