Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы "31" наурыздағы № 98 қаулысымен бекітілген |
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13213 тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
3.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде. Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік) немесе Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізіміндегі қызмет алушының ұсынған құжаттары негіз болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші басшысының қарауына жолдау, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші басшысының қызмет алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметі берушінің жауапты орындаушысына жіберу, 2 (екі) сағаттың ішінде;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды тексеру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің аккредитациялау комиссиясына жіберу немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші өтінішті қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді, 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің аккредитациялау комиссиясымен құжаттарды қарау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің аккредитациялық комиссияның шешімін (бұдан әрі -хаттама) жіберу, 10 (он) жұмыс күні ішінде;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жіберу, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жіберу, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесімен қызмет алушыға жіберу, 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) тіркелген өтініш;
2) бұрыштама және орындауға жолдау;
3) құжаттарды тексеру;
4) аккредитациялық комиссиясының хаттамасы;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау;
6) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қызмет алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің аккредитациялық комиссиясы.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жібереді, 2 (екі) сағаттың ішінде;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің аккредитациялау комиссиясына жібереді немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші өтінішті қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді, 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің аккредитациялау комиссиясы құжаттарды қарайды, хаттаманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жібереді, 10 (он) жұмыс күні ішінде;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жібереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне жібереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға жібереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің аңықтамалығында көрсетіледі.
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |