"Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 89 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 3031 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 249 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.11.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2476 тіркелген, 2015 жылдың 7 ақпанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) ережесіне өзгерістер осы қаулының қосымшасына сәйкес енгізілсін.

      2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтүзбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "31" наурыздағы
№ 89 қаулысына қосымша

"Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілетін өзгерістер

(бұдан әрі – Ереже)

      Ереженің 15, 16, 17 тармақтары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Міндеттері:

      1) мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын;

      2) Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды;

      3) азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi;

      4) жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын;

      5) жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн;

      6) жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету."

      "16. Функциялары:

      1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;

      2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;

      3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

      4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;

      5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;

      6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;

      7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

      8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;

      9) межелiк белгiлердiң сақталуына;

      10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;

      11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;

      12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

      13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi;

      14) мемлекеттік сатып алуда ұйымдастырушы болуға құқылы."

      "17. Құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға немесе Мемлекеттік корпорацияға жiберуге;

      2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;

      3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;

      4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;

      5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;

      6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

      7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;

      8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;

      9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар.

      2. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;

      2) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi.

      3) "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындауға міндетті;

      4) "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін."

      "20 тармағының 9) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен өзгертілсін:

      "Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес өз құзыреттерi шегiнде жемқорлықпен күрес жүргізеді және заңда көрсетілген тәртіптік шараларды қолданады".