Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы " 08 " ақпандағы № 35 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығымен бекітілген, "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12523 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес көрсетеді.2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Казагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) өтініштерді (мақұлдаған жағдайда) кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны-қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс – қимылдарды) бастау үшін негіздеме қызмет алушымен стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады.5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) оператор көрсетілетін қызметті алушыдан стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркейді.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толықтығын қарайды, талдайды, қорытынды жасайды және комиссия отырысын 3 (үш) жұмыс күні ішінде шақырады.
Нәтижесі – құжаттарды комиссияға жолдайды;
3) комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды, хаттамалық шешімді 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды.
Нәтижесі – хаттамалық шешім қабылдау;
4) комиссия хатшысы комиссия отырысының хаттамасын әзірлейді, қол қоюға енгізеді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оператор мен көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
Нәтижесі – қол қойылған комиссия отырысының хаттамасын операторға және көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
5) оператор комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмесін әзірлейді және қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Нәтижесі – комиссия отырысы хаттамасынан үзінді қызметті алушыға жолдау;
6) көрсетілетін қызметті беруші жиынтық акті әзірлейді және қазынашылық органдарына 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Нәтижесі – жиынтық акті әзірленіп қазынашылық органдарына жіберу;
7) қазынашылық органы қызмет алушының есеп-шотына субсидияны 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде аударады.
Нәтижесі – қызметті алушының есеп шотына субсидияны аудару.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) оператор;
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) комиссия;
4) комиссия хатшысы;
5) қазынашылық органдары.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) оператор қызметті алушыдан стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толықтығын қарайды, талдайды, қорытынды жасайды және комиссия отырысын дайындайды;
3) комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды, хаттамалық шешімді дайындайды;
4) комиссия хатшысы комиссия отырысының хаттамасын әзірлейді, қол қоюға енгізеді және оператор мен көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
5) оператор комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмесін әзірлейді және қызметті алушыға жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті беруші жиынтық акті әзірлейді және қазынашылық органдарына жолдайды;
7) қазынашылық органы қызмет алушының есеп-шотына субсидияны аударады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету қарастырылмаған.
10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
2016 жылғы "8" ақпандағы № 35 "Агроөнеркәсіптік кешен субьектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |