Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы "8" ақпандағы № 37 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға
есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығымен бекітілген, "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12437 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес көрсетеді.2. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидиялар төлеу туралы шешім басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс – қимылдарды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсыру болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжатты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады 30 (отыз) минуттан аспайды.
Нәтижесі - құжаттарды қызмет берушінің басшысына жолдайды;
2) қызмет берушінің басшысы құжатты қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі - қызмет берушінің орындаушысына жолдайды;
3) қызмет берушінің орындаушысы құжаттарды қарап, субсидияны төлеу жөнінде шешім жобасын дайындап және қол қоюға басшыға жолдайды 6 (алты) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – шешім жобасын қол қоюға басшыға жолдайды;
4) қызмет берушінің басшысы шешімге қол қояды және кеңсеге жолдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – қол қойылған шешім;
5) қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжатты тіркейді және қызметті алушыға шешімнің көшірмесін жолдайды 30 (отыз) минут ішінде.
Нәтижесі - қызметті алушыға шешімнің көшірмесін жолдайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері;
2) қызмет берушінің басшысы;
3) қызмет берушінің орындаушысы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжатты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) қызмет берушінің басшысы құжатты қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) қызмет берушінің орындаушысы құжаттарды қарап, субсидияны төлеу жөнінде шешім жобасын дайындап және қол қоюға басшыға жолдайды 6 (алты) жұмыс күні ішінде;
4) қызмет берушінің басшысы шешімге қол қояды және кеңсеге жолдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжатты тіркейді және қызметті алушыға шешімнің көшірмесін жолдайды 30 (отыз) минут ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету қарастырылмаған.
10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.