"Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 8 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 2937 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулыны Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "18" қаңтардағы
№ 8 қаулысымен бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12520 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-қимылы тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс – қимылдарды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсыру болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) оператор көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
      Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
      2) Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толықтығын қарайды, талдайды, тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және сараптамалық комиссия отырысын дайындайды 10 (он) жұмыс күні ішінде.
      Нәтижесі – сараптамалық комиссияға құжаттарды жолдайды.
      3) Сараптамалық комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарайды, хаттамалық шешім дайындайды 10 (он) жұмыс күні ішінде.
      Нәтижесі – хаттамалық шешім қабылдау.
      4) Сараптамалық комиссия хатшысы комиссия отырысының хаттамасын әзірлейді және қол қоюға ұсынады 6 (алты) жұмыс күні ішінде.
      Нәтижесі – қол қойылған комиссия отырысының хаттамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдау.
      5) Көрсетілетін қызметті беруші комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмесін әзірлеп қөрсетілетін қызметті алушыға жолдау 10 (он) жұмыс күні ішінде.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға нәтижесін жолдау.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-қимылы тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң, құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) оператор;
      2) көрсетілетін қызметті беруші;
      3) сараптамалық комиссия;
      4) комиссия хатшысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір құрылымдық бөлімдер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) оператор көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толықтығын қарайды, талдайды, тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және сараптамалық комиссия отырысын дайындайды;
      3) сараптамалық комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарайды, хаттамалық шешім дайындайды;
      4) сараптамалық комиссия хатшысы комиссия отырысының хаттамасын әзірлейді және қол қоюға ұсынады;
      5) көрсетілетін қызметті беруші комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмесін әзірлеп қөрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі
инвестициялық салынымдар
кезінде жұмсаған шығыстардың бір
бөлігінің орнын толтыру бойынша
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

            



Шартты белгілер: