1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 тармақта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Хромтау аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);";
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
8) тармақша алып тасталсын;
17 тармақтың 6) тармақшасы және 18 тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Хромтау аудандық | Хромтау аудандық |
мәслихатының | мәслихатының |
сессия төрағасы | хатшысы |
Р.Исаев | Д.Молдашев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды | |
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар | |
басқармасының басшысы | |
____________________________Қ.Отаров | |
"____"________________20___ж. |