"Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 мамырда № 4879 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 болып тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) аудандық мәслихатының шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 2 тарауында:
      9 және 11 тармақшалары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азматқа (отбасына), не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;".
      "11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;";
      4 тарауда:
      29 тармақтың екінші абзацында:
      "2001 жылғы 23 қаңтардағы" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы хатшысы
      Н.Қарағұлов Д.Молдашев
      ______________ А.Әмірғалиев