Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
| Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
| сессия төрағасы | хатшысы |
| А.ҚОҚАНОВ | Б.ІЗБАСОВ |
| ______________ Б.БИСЕНГАЛИЕВА |
| Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 шешіміне 1 қосымша |
Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Ескерту. 1 қосымша - жаңа редакцияда Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 14.06.2018 № 234 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).
1. Осы Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн–өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай–ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Темір ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік–аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 06.12.2018 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); 09.04.2020 № 471 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.10.2020 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Осы Қағидалар Темір ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі.–.ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі.–.алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай–ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
Жеңіс күні – 9 мамыр;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні.
Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлуметтік көмектің мөлшерлері
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге 8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;
2) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата–аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде "Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;
3) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Темір аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдері негізінде, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;
5) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының орденімен және медальдарымен наградталған адамдарға жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде.
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты біржолғы әлеуметтік көмектің төмендегі мөлшерлері белгіленеді:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарына 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
5) мүгедектерге, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
6) саяси қуғын–сүргін құрбандары, саяси қуғын–сүргіннен зардап шеккен адамдарға 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
7) көп балалы отбасыларға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
8) жетім балаларға, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
9) аз қамтылған азаматтарға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 05.06.2019 № 352 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.10.2020 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.9-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі:
1) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) табыстарын есепке алмай, онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратын науқастарға емделу кезеңінде, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Темір аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен ұсынылған тізімдерге сәйкес;
3) табыстарын есепке алмай, уәкілетті органның әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсететін жалғыз тұратын қарт азаматтарға;
4) отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, қала, ауылдық округ әкімі ұсынған тізімдердің негізінде.
Әлеуметтік көмек төтенше жағдай кезеңінде бір рет және бір адамға тек бір санат бойынша беріледі.
Әлеуметтік көмек құжаттарсыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.
Ескерту. 9-1 тармақпен толықтырылды – Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 09.04.2020 № 471 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).10. 10. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қоспағанда).
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негiздемелер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1–еселік мөлшерінен аспауы.
Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
12. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарына, еңбек ардагерлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екінші рет некеге отырмаған жұбайына (зайыбына) 50000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жұбайына (зайыбына) 30000 ( отыз мың) теңге мөлшерiнде;
2) Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
3) емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша.
Ескерту. 12 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті органның не уәкілетті ұйымдардың, ЖАО бекіткен тізімі бойынша табыстарын есепке алмай көрсетіледі.
Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына сәйкес) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
12 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) арызы;
2) мүгедек баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) жолдама:
стационарға емдеуге жатқызуға;
республикалық деңгейде мамандандырылған және жоғары
мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға;
4) 12 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санатына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;
5) жол жүру дерегін растайтын билеттер, егер олар болмаған жағдайда – темір жол көлігінде емделу орнына дейінгі және кері қайтуға жол жүру құны туралы анықтама;
6) 12 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамды алып жүру қажеттігін растайтын медициналық анықтама.
Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Ескерту. 15 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. Осы Қағидалардың 8 тармағында көрсетілген тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.
Ескерту. 16 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Ескерту. 17 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе қала, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардағы 2, 3–қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Қала, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкілетті органға жiбередi.
Ескерту. 19 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкілетті орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе қала, ауылдық округ әкiмiнен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
24-1. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Осы Қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе қала, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 24-1 тармақпен толықтырылды – Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 12.03.2020 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы мөлшерлерінің, әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Темір аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
27. Әлеуметтiк көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушының қайтыс болуы;
2) алушы Темір ауданы аумағынан тыс тұрақты тұруға шығып кетуі;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық–әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберілуі;
4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Бұл ретте дәйексіз мәліметтерді келтіріп заңсыз әлеуметтік көмек тағайындауға әкелгені анықталған жағдайда, әлеуметтік көмек төлеу тағайындалған тұлғаға (отбасына) белгіленген кезеңге тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерiктi қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда – сот арқылы.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е–собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.
| Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1 – қосымша |
Ескерту. 1 қосымша алынып тасталды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
| Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2 – қосымша |
Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
| Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары 3 – қосымша |
Ескерту. 3 қосымша алынып тасталды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 30.10.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).