1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 181 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4406, 2015 жылғы 9 шілдеде "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларының 8 тармағы келесі мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
"4) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатындарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
| Мәртөк аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | С. Үсенов |
| Мәртөк аудандық мәслихат хатшысы | А. Исмагулов |