"Ақкөл селосының көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылдың 19 қыркүйектегі № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 4967 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақкөл селолық округі әкімінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 "Ақкөл селосының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-114 тіркелген, аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде 2011 жылы 6 қазанда жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "село" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауыл" сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл ауылдық
      округінің әкімі С.Дүйсенбаев