1. "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсандағы № 188 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 28 желтоқсанда № 3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда және 2014 жылғы 16 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасындағы:
барлық мәтін бойынша "Ақтөбе қаласының "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" деген сөздері "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
1 тарауда:
1 тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті";
3 тарауда:
19 тармағындағы:
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Ақтөбе облыстық филиалы" деген сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық | Ақтөбе қалалық |
мәслихатының сессия төрағасы | мәслихатының хатшысы |
М. Әжібаев | С. Шынтасова |
_______________________Б. Бисенғалиева |