"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 173 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 маусымда № 4946 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13652) сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 26 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
"БЕКІТІЛГЕН"

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының және аудандардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Жер учаскесіне құқықты беру туралы шешім (бұдан әрі - шешім) немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13652 тіркелген) бекітілген "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Стандарттың қосымшасына сәйкес өтініш беру мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркейді және 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады.
      Нәтижесі – түскен құжаттарды тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар мазмұнымен танысады, бұрыштама жапсырады және 1 (бір) жұмыс күн ішінде жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысына жолдайды.
      Нәтижесі –көрсетілетін қызметті берушімен бұрыштама жапсыру;
      3) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысына 1 (бір) жұмыс күн ішінде орындауға жолдайды.
      Нәтижесі – құжаттарды орындаушыға ұсыну;
      4) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күн ішінде құжаттардың заңға сәйкестігін қарап, жергілікті атқарушы органмен құрылған, жер комиссиясының отырысына (бұдан әрі - комиссия) құжаттарды дайындайды немесе құжаттары толық болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 (екі) жұмыс күн ішінде дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауап береді.
      Нәтижесі – жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысымен қорытынды дайындау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тарту;
      5) комиссия 3 (үш) жұмыс күн ішінде қорытынды береді және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысына жолдайды.
      Нәтижесі – комиссия қорытындысын ұсыну;
      6) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы комиссияның қорытындысы негізінде 2 (екі) жұмыс күн ішінде комиссия отырысының хаттамасын дайындайды және жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
      Нәтижесі – жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысымен хаттаманы ұсыну.
      Көрсетілген мерзім жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңіне кірмейді;
      7) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн ішінде шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
      Нәтижесі – шешім дайындау және көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
      8) көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күн ішінде шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды.
      Нәтижесі – шешім қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 5 (бес) жұмыс күн ішінде шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
      Нәтижесі – шешімді көрсетілетін қызметті алушыға ұсыну.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы;
      жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
      комиссия.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      7. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдердің (іс- әрекеттердің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Сауда-саттықты конкурстарды,
аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды
алу" регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы