1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегіне бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегіне бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы "30" наурызда № 125 қаулысымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.Өтінішті қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидия төлеу туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12437 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезінен бастап құжаттарды қабылдайды, тіркеуді жүргізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды - 30 (отыз) минут.
Нәтижесі – құжаттарды тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді – 30 (отыз) минут.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілеу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы "Ақтөбе облысының мемлекеттік кіріс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, өтінішті алғаны туралы жазбаша хабардар етеді - 1 (бір) жұмыс күні.
Нәтижесі – мемлекеттік кірістер органдарына өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, өтінімді алғаны туралы хабарлау.
4) мемлекеттік кірістер органына дайындаушы ұйым бойынша мәліметтерді ұсынады - 3 (үш) жұмыс күні.
Нәтижесі – дайындаушы ұйым бойынша мәліметтерді ұсыну;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидиялар төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды - 5 (бес) жұмыс күні ішінде
Нәтижесі – субсидиялар төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) мемлекеттік кіріс органы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезінен бастап құжаттарды қабылдайды, тіркеуді жүргізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды - 30 (отыз) минут.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді – 30 (отыз) минут.
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы– мемлекеттік кірістер органына өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, өтінішті алғаны туралы жазбаша хабардар етеді - 1 (бір) жұмыс күні
4) мемлекеттік кірістер органы дайындаушы ұйым бойынша мәліметтерді ұсынады - 3 (үш) жұмыс күні.
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидиялар төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды - 5 (бес) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл ету тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік корпорация және "электронды үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.