Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 маусымда № 5416 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды – Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 14.02.2017 № 6С-12/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2) "Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Бурабай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 11 маусымдағы № 5С-43/2 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 маусымда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған):
      кіріспеде "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына" сөздері "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ІI сессиясының төрағасы
Р.Махаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бурабай ауданының
әкімі
Т.Ташмағамбетов