Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 6С-1/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 сәуірде № 5293 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік несие шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың I сессиясының төрағасы Қ.Шаяхметов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бурабай ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы С.Бейсимбаев
      28 наурыз 2016 жыл