"2016 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № а-11/307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № а-0/05 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 ақпанда № 5243 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2016 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № а-11/307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5136 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталынсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Сүйіндіков