Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6 "Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 2/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 сәуірде № 5300 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4816 тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2 қосымшаларға сәйкес жоғарылатылсын (төмендетілсін).".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Г.Кәрімова
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      14 сәуір 2016 жыл
      "Есіл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М.Смағұлов

      14 сәуір 2016 жыл