Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/349 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4963 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қ. Қайнарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |