"Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 85/13-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 1086 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2017 № 221/25-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 23 шілдесінде № 822 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

      53-тармақтың 5) тармақшасында "тісті протездеу" сөздерінен кейін ", ауыз қуысын тазалау" деген белгі және сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 55-1 тармақшамен толықтырылсын:

      "55-1. Тіс протездеуге әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тіс шектерін, пародонт ауруларын емдеуді, медициналық манипуляция жүргізумен (инъекция, рентгенге түсіру және т.б.) тісті жұлуды қамтитын ауыз қуысын протез алды тазалау жүзеге асырылады.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Әкiмші он банктік күн ішінде шартқа қол қойғаннан кейiн оқуға Әлеуметтік көмек алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргiзедi.

      Оқуға әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражаттар түскеннен кейін үш банктік күн ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және Әкімшіге төлеу туралы түбіртекті ұсынады.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекке құқығы айқындалғаннан кейін Әкімші өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 385 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13773 болып тіркелген) нысан бойынша отбасыға көмектің жеке жоспарын әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін (бұдан әрі – жеке жоспар) шақырады.".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Г. Қасенов
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов