"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 21.04.2017 № 265 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2) "Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларында:
3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу (бұдан әрі – Есепке алу) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміндегі адамдарды әкімші кандидатурасын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай есепке алу үшін енгізіледі.
4. Уәкілетті орган Есепке алуды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, осы Қағидаларға қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің Бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
5. Хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізіліміне енгізілгені және (немесе) тізілімнен алып тасталғаны туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге қызметінің басталғаны туралы хабарламаны берген және (немесе) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күні енгізіледі. Әкімшілер қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей енгізіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Заңның 12 бабының 10-тармағымен көзделген жағдайларда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен оңалтуды және банкроттықты басқарушылар өздерінің өкілеттіктерін орындаудан:
1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталғаны туралы хабарламаны алған;
2) әкімшіден арыз түскен;
3) кредиторлар жиналысының хаттамасы түскен;
4) тексеру актісі шығарылған күннен бастап екі күні ішінде шеттетіледі.";
көрсетілген қағидалардың Әкімшінің қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органда тіркелген адамдардың бірыңғай тізілімі, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар өзінің біліктілігін уәкілетті орган бекітілген Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларына сәйкес әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізіліміне деректер енгізілген күнінен бастап әрбір үш жыл сайын арттырып отырады.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 21.04.2017 № 265 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Теңгебаев А.М.) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа баслымдарына ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 бұйрығына 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 21.04.2017 № 265 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізілімі
№ | Әкімшінің аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН ) | Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілген күні | Әкімші ретінде жұмыс тәжирибесі | Ағымдағы жылы оңалтушы рәсімдері жүзеге асырылып жатқан борышкерлердің саны | Ағымдағы жылы оңалту рәсімдері аяқталған борышкерлердің саны | Ағымдағы жылы аяқталған оңалту рәсімдердің нәтижісі (мақсатқа қол жеткізді/ жеткізбеді) | |
Жұмыс өтілі (жыл) | Оңалту және банкроттық рәсімі аяқталған борышкерлердің негізгі қызмет түрі | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Ағымдағы жылы банкроттық рәсімдері жүзеге асырылып жатқан борышкерлердің саны | Ағымдағы жылы банкроттық рәсімдері аяқталған борышкерлердің саны | Ағымдағы жылы аяқталған банкроттық рәсімдердің нәтижесі | ||||||
Кредиторлардың мәлімдеген талаптарының сомасы (мың теңге) | Кредиторлардың өтелген талаптарының сомасы (мың теңге) | Кредиторлардың өтелген талаптарының пайызы | банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімі (жыл) | Банкроттық рәсімдер барысындағы түсім сомасы (мың теңге) | Әкімшілік шығыстарды жабуға жіберілген сома (мың теңге) | банкроттық рәсімдер барысындағы түсімнен алынған әкімшілік шығыстардың пайызы | ||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
кестенің жалғасы
Ағымдағы жылы, тексеру және камералдық бақылау нәтижесі, оның ішінде шағымдар бойынша оңалту және банкроттық рәсімдер барысында жіберілген бұзушылықтар | анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшіні әкімшілік жауапкершілікке тартқаны туралы мәліметтер | біліктілігін арттыру туралы деректер |
19 | 20 | 21 |