Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 843 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14742 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу, өткiзу, сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі бекітілсін.

      2. "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 44 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10424 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 15 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      ________________ К. Мәсімов

      2016 жылғы 21 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 27 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________Қ. Қасымов

      2016 жылғы 12 желтоқсан

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Тізбе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.12.2021 № 596 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 843 бұйрығымен
бекітілген

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу, өткiзу, сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесi

р/с

Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн

1.

заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы

заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасының бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


2.

тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар

тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандардың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


3.

меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және: мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы; жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасы

меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және: мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты;
арнайы жабдықталған қойманы; жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасының бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган "Жылжымайтын мүлік тіркелемінің" мемлекеттік деректер базасы" (бұдан әрі - ЖМТМАБ) ақпараттық жүйесінен алады;
2) жалға алу, кіші жалға алу шарты бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайға қоныстануға құқық беретін шартты ұсынған жағдайда мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

4.

ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжiрибелiк үлгiсiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық

ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжiрибелiк үлгiсiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


5.

атыс қаруын қолдана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге, күзет қызметі субъектісімен жасалған шарт

атыс қаруын қолдана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге, күзет қызметі субъектісімен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (жеке күзет ұйымы үшін ұйымның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), күзет қызметіне арналған лицензия нөмірі, берілген күні)

күзету қызметіне арналған лицензияны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінен алады

2. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн

1.

заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы

заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi туралы дипломының және лауазымға тағайындалуы туралы бұйрығының, жарушының бiрыңғай кiтапшасының бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


2.

тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен:
жабдықтарды, механизмдердi, құрылғыларды, жарақтарды, көлiктi, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн, технологиялық регламенттiң орындалуын, периметр мен қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етудi, кiру бақылауы мен дайын өнiм сапасын қамтамасыз ететiн бiлiктi мамандар

тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен:
жабдықтарды, механизмдердi, құрылғыларды, жарақтарды, көлiктi, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн, технологиялық регламенттiң орындалуын, периметр мен қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етудi, кiру бақылауы мен дайын өнiм сапасын қамтамасыз ететiн бiлiктi мамандардың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


3.

ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды дайындауға арналған технологиялық процестiң регламентi мен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық

ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды дайындауға арналған технологиялық процестiң регламентi мен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


4.

меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және: мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы; жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасы

меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және: мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы; жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасының бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ЖМТМАБ ақпараттық жүйесінен алады;
2) жалға алу, кіші жалға алу шарты бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайға қоныстануға құқық беретін шартты ұсынған жағдайда мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

5.

атыс қаруын қолдана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге, күзет қызметі субъектісімен жасалған шарт

атыс қаруын қолдана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге, күзет қызметі субъектісімен жасалған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (ұйымның атауы және БСН, жеке күзет ұйымы үшін күзет қызметіне арналған лицензия нөмірі, берілген күні)

күзету қызметіне арналған лицензияны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінен алады

3. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн

1.

заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы

заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасының бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


2.

тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар

тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандардың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


3.

меншiк құқығындағы қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма

меншiк құқығындағы қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


4.

күзет қызметi субъектісімен жасалған, атыс қаруын қолдана отырып, арнайы жабдықталған қойманы күзетуге арналған шарт

арнайы жабдықталған қойма иесі мен күзет қызметi субъектісі арасында жасалған, атыс қаруын қолдана отырып күзетуге арналған шарттың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (ұйымның атауы және БСН, жеке күзет ұйымы үшін күзет қызметіне арналған лицензия нөмірі, берілген күні)

күзету қызметіне арналған лицензияны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінен алады

4. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды меншікті өндiрiстiк қажеттіліктер үшiн сатып алу жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн

1.

заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы

заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi туралы дипломының және лауазымға тағайындалуы туралы бұйрығының, жарушының бiрыңғай кiтапшасының бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


2.

тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар

тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандардың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны


3.

меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма

меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ЖМТМАБ ақпараттық жүйесінен алады;
2) жалға алу, кіші жалға алу шарты бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайға қоныстануға құқық беретін шартты ұсынған жағдайда мәлімет нысаны түрінде ұсынылады

4.

күзет қызметi субъектісімен жасалған, атыс қаруын қолдана отырып, арнайы жабдықталған қойманы күзетуге арналған шарт

арнайы жабдықталған қойма иесі мен күзет қызметi субъектісі арасында жасалған, атыс қаруын қолдана отырып күзетуге арналған шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (жеке күзет ұйымы үшін ұйымның атауы және БСН, күзет қызметіне арналған лицензия нөмірі, берілген күні)


5. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн

1.

меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жауап беретін, жарылғыш материалдар қоймасының бар болуы

жарылғыш материалдар қоймасы паспортының көшірмесі және жалға алу шартының (жалға алынған жағдайда) көшірмесі


2.

күзет қызметі субъектісімен жасалған, атыс қаруын қолдана отырып жүзеге асырылатын жарылғыш материалдар қоймасының әскериленген күзетінің болуы

күзет қызметінің субъектісі жүзеге асыратын, жарылғыш материалдар қоймасын әскерилендірілген күзетуге арналған шарттың бар екені туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


3

заңды тұлғаның кәсіпкерлік субектісі ретінде тіркелуі

заңды тұлғаның кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелуі туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Мәліметті өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады

  Жарылғыш және пиротехникалық
(азаматтықты қоспағанда) заттар
мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзiрлеу, өндiру,
сатып алу, өткiзу, сақтау
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
үшін қойылатын бiлiктiлiк
талаптары мен оларға
сәйкестiктi растайтын құжаттар
тiзбесiне
қосымша

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiне мәлiметтер нысаны

      1. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ________________________;

      лауазымы _____________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi ______________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

      жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi

      ___________________________________________________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы_____________;

      2) тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ________________________;

      лауазымы _____________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi__________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi _________________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

      техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi ________;

      дипломды берген оқу орнының атауы ______________________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы____________;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен берiлген күнi ________;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ___________;

      3) меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және:

      мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты___________________________;

      арнайы жабдықталған қойманы ___________________________________;

      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын өндiрiстiк-техникалық базасы _________________________________;

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері)_________;

      егер өзге заңды негiзде болатын жағдайда, шарттың нөмiрi мен шартқа қол қойылған күнi ____________________________________________________;

      шарт жасалған ұйымның атауы ___________________________________;

      қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қашықтығы туралы ақпарат, метрде _____________________________________;

      4) ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжiрибелiк үлгiсiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық:

      ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжiрибелiк үлгiсiн әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың бар екені туралы ақпарат

      __________________________________________________________________;

      5) күзет қызметі субъектісімен жасалған, атыс қаруын қолдана отырып өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарт:

      өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың нөмірі мен қол қою күні

      ________________________________________________________;

      шарт жасалған күзет қызметі субъектісінің атауы және БСН (жеке күзет ұйымы үшін лицензия нөмірі және берілген күні)

      2. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ________________________;

      лауазымы _____________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi ______________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

      жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi

      ___________________________________________________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _______________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы____________;

      2) тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен:

      жабдықтарды, механизмдердi, құрылғыларды, жарақтарды, көлiктi, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;

      еңбек қауiпсiздiгiн, технологиялық регламенттiң орындалуын, периметр мен қоршаған ортаның қорғалуын бақылауды;

      метрологиялық қамтамасыз етудi, кiру бақылауы мен дайын өнiм сапасын қамтамасыз ететiн бiлiктi мамандар:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ________________________;

      лауазымы ______________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi__________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтiлi _________________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

      техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi________;

      дипломды берген оқу орнының атауы _____________________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы ____________;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен берiлген күнi ________;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ____________;

      қызметтердi құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың нөмiрi мен қол қойылған күнi_____________________________;

      3) ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды дайындауға арналған технологиялық процестiң регламентi мен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық:

      ұйымның басшысы бекiткен жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды дайындауға арналған технологиялық процестiң регламентi мен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың бар екені туралы ақпарат ________________________________;

      4) меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн және:

      мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты;

      арнайы жабдықталған қойманы __________________________________;

      жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын

      ___________________________________________________________;

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері) _________;

      егер өзге заңды негiзде болған жағдайда, шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi

      _______________________________________________________;

      шарт жасалған ұйымның атауы ___________________________________;

      қоршаудың, оқшалаудың болуы, тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қашықтығы туралы ақпарат, метрде _____________________________________;

      5) күзет қызметi субъектісімен жасалған, атыс қаруын қолдана отырып, өндірістік-техникалық базаны күзетуге арналған шарт:

      өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге арналған шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________________________________;

      шарт жасалған күзет қызметі субъектісінің атауы және БСН (жеке күзет ұйымы үшін лицензия нөмірі және берілген күні)

      ________________________________________________________________.

      3. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасары, оның iшiнде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын жеке тұлға үшін жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ________________________;

      лауазымы ______________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен берiлген күнi______________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

      жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi

      ___________________________________________________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _______________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы____________;

      2) тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар:

      тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ________________________;

      лауазымы _____________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi__________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;

      техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi ________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _______________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы ____________;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен берiлген күнi ________;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткенi туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ____________;

      3) меншiк құқығындағы қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма:

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері)_________;

      қоршаудың, оқшаулаудың болуы, тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қашықтығы туралы ақпарат, метрде _____________________________________;

      4) күзет қызметі субъектісімен жасалған, атыс қаруын қолдана отырып, арнайы жабдықталған қойманы күзетуге арналған шарт:

      өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi_______________________________________________________;

      шарт жасалған күзет қызметi субъектісінің атауы және БСН (жеке күзет ұйымы үшін лицензия нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________.

      4. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды меншікті өндiрiстiк қажеттіліктер үшiн сатып алу жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның iшiнде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiмен айналысатын жеке тұлғаның жоғары техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы (пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды меншікті өндірістік қажеттіліктері үшiн сатып алатын шаруашылық субъектiлері үшiн осы тармақ бойынша мынадай мәлiметтер ұсыну талап етіледi):

      тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ________________________;

      лауазымы ______________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен берiлген күнi ______________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі _________________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

      жоғарғы техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi

      ____________________________________________________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _______________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы____________;

      2) тиiстi техникалық бiлiмi, жарушының бiрыңғай кiтапшасы, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған тиісті оқу ұйымында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен бiлiктi мамандар (пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды меншікті өндірістік қажеттіліктері үшiн алатын шаруашылық субъектiлер үшiн осы тармақ бойынша мәлiметтер ұсыну қажет етiлмейдi):

      тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ________________________;

      лауазымы ______________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен берiлген күнi ______________;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі _________________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________________;

      техникалық бiлiмi туралы дипломның нөмiрi мен берiлген күнi

      ___________________________________________________________________;

      дипломды берген жоғары оқу орнының атауы _______________________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасының нөмiрi мен берiлген күнi_________;

      жарушының бiрыңғай кiтапшасын берген ұйымның атауы____________;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен берiлген күнi

      ________________________________________________________________;

      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы

      ____________________________________________________________________;

      3) меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма:

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері) _________;

      егер өзге заңды негiзде болған жағдайда, шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi

      _______________________________________________________;

      шарт жасалған ұйымның атауы ___________________________________;

      қоршаудың, оқшалаудың болуы, тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қашықтығы туралы ақпарат, метрде _____________________________________;

      4) күзет қызметі субъектісімен жасалған, атыс қаруын қолдана отырып, арнайы жабдықталған қойманы күзетуге арналған шарт:

      өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________________________________;

      шарт жасалған, күзет қызметi субъектісінің атауы және БСН (жеке күзет ұйымы үшін лицензия нөмірі және берілген күні) _________________________________________________________________.

      5. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды меншікті өндiрiстiк қажеттіліктер үшiн сақтау жөнiндегi кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың болуы:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жарылғыш материалдарды сақтау орны (орналасқан жері):

      жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері) _________;

      жалға алған жағдайда шарттың нөмірі және шартқа қол қою күні

      __________________________________________________________________;

      шарт жасалған ұйымның атауы ___________________________________;

      2) қойма иесі мен күзет қызметі субъектісі арасында жасалған, атыс қаруын қолдана отырып күзетуге арналған шарт:

      жарылғыш материалдардың қоймасын күзетуге арналған шарттың нөмірі және қол қойылған күні______________________________________________;

      күзет қызметі субъектісіне арналған лицензияның сериясы, нөмірі, берілген күні_______________________________________________________;

      3) заңды тұлғаның атауы және БСН.