"Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 726 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14730 болып тіркелді

Қолданыстағы

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

       1. "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің № 184 (28123) 2013 жылғы 7 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      кіріспе сөз мынадай редакцияда жазылсын:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 726 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 22 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы

      Білім беру ұйымдарының түрлері:

      1. Мектепке дейінгі ұйымдар:

      1) бөбекжай;

      2) балабақша;

      3) отбасылық бөбекжай;

      4) санаторлық бөбекжай;

      5) "мектеп-бөбекжай" кешені;

      6) мектепке дейінгі шағын орталық.

      2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта):

      1) білім беру деңгейі бойынша:

      бастауыш мектеп;

      негізгі орта мектеп;

      жалпы орта білім беретін мектеп;

      2) оқыту бейіні бойынша:

      гимназия;

      лицей;

      бейіндік мектеп;

      3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:

      шағын жинақты мектеп;

      тірек мектеп (ресурстық орталық);

      түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;

      кешкі мектеп;

      девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;

      ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы;

      аурухана жанындағы мектеп;

      4) халықаралық:

      халықаралық мектеп;

      5) интернаттық ұйымдар:

      мектеп-интернат;

      әскери мектеп-интернат;

      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

      көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат;

      санаториялық мектеп-интернат.

      6) біріктірілген:

      мектеп-гимназия;

      мектеп-лицей;

      қосымша білім беру мектеп-орталығы;

      мектеп-интернат-колледж;

      оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

      оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

      оқу-тәрбие орталығы (кешен);

      оқу орталығы.

      3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

      1) колледж;

      2) училище;

      3) кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      4) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған колледж;

      5) түзету мекемелері жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      6) түзету мекемелері жанындағы колледж;

      7) әскери – техникалық колледж;

      8) жоғары колледж.

      4. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары:

      1) колледж;

      2) жоғары колледж;

      3) училище.

      5. Жоғары білім беру ұйымдары:

      1) институт;

      2) консерватория;

      3) жоғары мектеп;

      4) жоғары училище;

      5) академия.

      6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:

      1) Ұлттық зерттеу университеті;

      2) Ұлттық жоғары оқу орны;

      3) зерттеу университеті;

      4) университет;

      5) академия.

      7. Мамандандырылған білім беру ұйымдары:

      1) мамандандырылған мектеп;

      2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);

      3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия);

      4) мамандандырылған мектеп-интернат;

      5) мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;

      6) мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;

      7) мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;

      8) мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);

      9) мамандандырылған хореография мектеп-интернаты

      (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);

      10) мамандандырылған әскери мектеп-интернат;

      11) "Білім-инновация" лицей-интернат;

      12) мамандандырылған мектеп-кешендер.

      8. Арнайы білім беру ұйымдары:

      1) арнайы бөбекжай;

      2) арнайы балабақша;

      3) арнайы мектеп;

      4) арнайы мектеп-интернат;

      5) арнайы кешен "балабақша - мектеп – интернат";

      6) арнайы кешен "мектеп - интернат - колледж";

      7) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация;

      8) оңалту орталығы;

      9) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті.

      9. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары:

      1) балалар үйі;

      2) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйі;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат;

      4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернат;

      5) отбасы үлгісіндегі балалар үйі;

      6) отбасы үлгісіндегі балалар ауылы;

      7) пана үйі;

      8) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы;

      9) жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы);

      10) қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы.

      10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:

      1) мектепке дейінгі дамыту кешені (орталық, академия);

      2) оқушылар сарайы (үйі, орталығы, кешені, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы және басқалары);

      3) жас натуралистер станциясы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталығы, экология және өлкетану балалар-жасөспірімдер орталығы);

      4) жас техниктер станциясы (орталық, балалар және жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектебі);

      5) жас туристер станциясы (балалар-жасөспірімдер туризм орталығы);

      6) балалар аула клубы, балалар әскери патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары);

      7) балалар өнер мектебі (балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, балалар өнер мектебі, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер);

      8) балалар сауықтыру орталығы (орталығы, кешені, қала сыртындағы сауықтыру лагері және күндізгі уақытта ұйымдастырылатын лагерь, палаталық лагерь, киіз үй лагері);

      9) балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі;

      10) олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі;

      11) балалар қызығушылығы мен жұмыстары бағыты бойынша ұйымдар;

      12) балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталықтары.

      11. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары:

      1) қосымша білім беру институты;

      2) әдістемелік орталық (кабинет);

      3) қосымша білім беру (өңірлік, өңіраралық, салалық) оқу орталығы;

      4) білім беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның қосымша білім беру құрылымдық бөлімшесі.