"Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 522 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14695 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 166 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 24.05.2021 № 166 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11863 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қадағалау жөнінде тексеріс нәтижелері туралы актінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында, және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
Б. Жақсалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 10 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 522 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 435 бұйрығына
4 қосымша

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі тексерістің нәтижелері туралы акті

      20__ жылғы "___" ________                        ____________________

      "____" сағат "_____" минут жасалған орны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      бақылау органының атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

            тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты

      (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы

      20__ жылғы "___" ________ тексеру тағайындау туралы № ____ актінің

      негізінде, __________________________________________________________

      _________________________________________________________ қатысуымен

      тексеру жүргiзу кезiнде болған жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      тексеру жүргізілген орын

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) тексеру жүргіздім.

      Экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру барысында мынадай бұзушылықтар анықталды:

Бұзушылықтың сипаттамасы

Табиғатты қорғау заңнамасының нормалары




      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің

      152-бабы 4 тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында

      өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша

      қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, қарсылықтар

      болмаған кезде тексерiлетін субъект тексерудi жүргiзген мемлекеттiк органның

      басшысымен келiсiлетін мерзiмдердi көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды

      жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен кешіктірмей

      ұсынуға құқылы.

      ___________________________________________________________________________

      тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары

      _______________________ тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы

      Тексеру нәтижелері туралы актімен таныстым, акт бойынша ескертулер мен

      қарсылықтар __________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу

      кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас

      тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы

      Қосымшаларының көшірмелерімен бірге актінің бір данасын алдым _____

      (қолы)

      ____________________________________________________________________

      тексерілетін субъекті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)